"Кеңес те, өтініш те емес – нақты тапсырма". Президент шенеуніктерге қайрылды

201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/T4uhhI8HbUsUtwLdTqVo0J7Y0q1EJPogoZaQ6GZB.webp

Мемлекет басшысы Алатауды дамыту жөніндегі кеңесте инвесторлар үшін барынша қолайлы орта қалыптастырудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің айтуынша, Алатау қаласының табысты дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, инвесторларға жоғары деңгейдегі қызмет көрсету қажет.

«Инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай мен ең жоғары деңгейдегі сервисті қамтамасыз ету – басым міндет. Ең алдымен барлық халықаралық стандарттарды қатаң сақтау қажет. Әсіресе ұлттық реттеу жүйесі озық тәжірибелерден қалып қойған салаларда бұл өте маңызды. Бұл жұмысты іске қосу – еліміздің жедел әрі қарқынды дамуының кепілі. Жауапты лауазымды тұлғалар батыл шешім қабылдаудан қорықпауы керек. Бұл өтініш те, кеңес те емес, нақты тапсырма», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Тоқаев ерекше құқықтық мәртебесі бар қалалардың әлемдік капиталды белсенді тарту арқылы көшбасшылыққа ұмтылып жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыста ақпараттық технологиялар, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм, медицина мен білім беру салаларына басымдық берілуі тиіс екенін атап өтті.

Comments