ҰҚК жиын алдында әкімді тергеуге әкеткен

84
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wGMQxLv5Tjvlz9RpKoRsWwvVooFQY0QQqHaJtLfO.jpg

Атырау қаласының әкімі Шакир Кейкин құқық қорғау органдарына жауап алуға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақ Жайыққа сілтеп. 

Мәліметтерге сәйкес, шенеунік облыстық әкімдік ғимаратында өтетін жиын алдында ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің сүйемелдеуімен тергеу әрекеттеріне қатысу үшін жеткізілген.

Дереккөздердің хабарлауынша, әкім қылмыстық іс аясында жауапқа алынған. Алайда істің мән-жайы мен Шакир Кейкиннің процессуалдық мәртебесі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. 

Редакция хабарлауынша, жауап алу аяқталғаннан кейін Шакир Кейкиннің үйіне жіберілгенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Оқиғаға қатысты ҰҚК, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Атырау облысы әкімдігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Comments