Бүгін, 1 маусымда Алматыда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша негізгі сот талқылауы басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сотталушы Александр Пак өзіне тағылған айыпты толық мойындайтынын мәлімдеді. Ол Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі «Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бойынша айыпталып отыр.
Үш адамның өмірін қиған жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған еді. Апат салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі қыз көз жұмған.
Тергеу мәліметінше, Zeekr жүргізушісі Александр Пак жол апаты болған сәтте жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. 7 сәуірде ол тергеу изоляторына этаппен жеткізілді.
Сонымен қатар оған мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген айып бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті де қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
