Ұлытау облысында жалпыоблыстық сенбілік өтті

230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ui5wcWQJCg0CR9MHg10oWAOap9pJoq63LHI7o0Zp.jpg

Ұлытау облысында бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» жалпыоблыстық сенбілігі ұйымдастырылды.

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатындағы шара барысында өзен-көлдер мен су айдындарының жағалаулары қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауқымды экологиялық акцияға өңір бойынша 360 ұжымнан 4500-ге жуық адам қатысып, 74 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 520 тонна қоқыс шығарылып, 131 гектар аумақ тазартылды.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай игі шаралар табиғатты аялау мәдениетін қалыптастырып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Comments
Other materials