Шығыс Қазақстан облысында Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы KAZMinerals жазды, деп хабарлайды "Адырна".
«Учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылды, тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Оқиға 30 мамыр сағат 20:30 шамасында «Шығыстүстімет» ЖШС-ның Артемьев шахтасында тау массасы опырылуы салдарынан болған.
Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.
Related news
Zhiguli ‘violated the charter.’ Dairabayev, who ran for the presidency, was dismissed from his position
