Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшы қаза тапты

156
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HPnKKt2Z5uZpTFYmxwMbLrCnwoAs6z4tLMXJ7HEX.jpg

Шығыс Қазақстан облысында Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы KAZMinerals  жазды, деп хабарлайды "Адырна".

«Учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылды, тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада. 

Оқиға 30 мамыр сағат 20:30 шамасында «Шығыстүстімет» ЖШС-ның Артемьев шахтасында тау массасы опырылуы салдарынан болған.

Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.

Комментарии
Другие материалы