Елеусіз қалған экс-президент. Назарбаев Әзербайжан басшысына құттықтау жолдады

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EBIPMpULfewBEE3JXJysZ02tGLnO0gZfzmUh2jhS.jpg

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевті Құрбан айт мерекесі және Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құттықтауда биыл Құрбан айттың мемлекеттік мерекемен қатар келуі символдық мәнге ие екені айтылған.

«Құрметті Ильхам Гейдар оғлы! Сізді қасиетті Құрбан айт мерекесімен және Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Құрбан айттың мемлекеттік мерекемен қатар келуі символдық мәнге ие. Барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі саналатын бұл мейрам мейірімге толы болып, адамзатты жоғары рухани құндылықтарға жетелесін, Алланың рақымы мен берекесіне бөлене берсін»,–деді ол.

Назарбаев Әзербайжан халқының дамуы мен гүлденуіне тілектестік білдіріп, елдің игі мақсаттарға жетуіне сенім артты.

«Сіздің басшылығыңызбен бауырлас Әзербайжан халқының одан әрі қарқынды дамып, гүлденуіне және игі мақсаттарға жетуіне тілектеспін. Біз сзбен орнатқан өзара құрметтің ұзақ жылдар бойы сақталатынына сенемін. Осы айтулы мерекеге орай, қадірлі Ильхам Гейдар оғлы, мықты денсаулық, үлкен табыс, ал Әзербайжан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін»,–деп түйіндеді экс-президент.

Comments