Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос"-2026 турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды "Адырна".
Бірінші айналымда Рыбакина словениялық Вероника Эрьявецпен (85-орын) кездесіп, оны екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Енді турнирдің келесі кезеңінде Еленаның қарсыласы украиналық Юлия Стародубцева (54-орын) болады.
Айта кетейік, биылғы "Ролан Гаррос" турнирінің жүлде қоры - 61 723 000 еуро. Турнир жеңімпазы 2 800 000 еуро (сонымен қатар 2 000 рейтингтік ұпай) иеленеді.
Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турниріндегі ең үздік нәтижесін 2021 және 2024 жылдары көрсеткен. Сол кезде ол жарыстың ширек финалына дейін жеткен еді.
Related news
It was reported that the guy, who was upset with his girlfriend, tried to jump from the big road bridge
A public discussion will be held in Almaty regarding the construction project of the nuclear power plant
