Қарағанды “Жастар астанасы” болып жарияланды

189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OrFkaNc8cIh4hKepu7RkfErCTCCoskfbSvhETLKX.webp

Қарағанды 2028 жылғы ТМД-ның Жастар астанасы болып жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

Әкімнің сөзінше, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің бұл шешімі Қазақстанның халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы беделін және жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижесін көрсетеді.

Өңір басшысы бүгінде Қарағанды облысында 303 мыңнан астам жас өмір сүретінін атап өтті. Оның сөзінше, жастар волонтерлік, ғылым, білім, кәсіпкерлік және қоғамдық бастамаларды дамытуға белсенді үлес қосып келеді.

"ТМД-ның Жастар астанасы мәртебесі Қарағанды үшін халықаралық жастар ынтымақтастығын кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және ауқымды жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік береді", — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Әкімнің айтуынша, өңір халықаралық деңгейдегі жобаны жоғары дәрежеде ұйымдастыруға дайын.

Comments