Қостанай қаласында автобус пен Toyota Alphard көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол апаты Назарбаев және Промышленная көшелерінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, автобус жүргізушісі кері бұрылу маневрін жасау кезінде Toyota Alphard көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді. Апат кезінде көліктерде жолаушылар болмаған», – делінген хабарламада.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister
