Си Цзиньпин Түркіменстанға екі тарапқа да қолайлы уақытта ресми сапармен баруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қытай басшысының Сердар Бердімұхамедовке жолдаған хатын 20 мамыр күні Түркіменстанның мемлекеттік TDH агенттігі жариялады.
«Шақыруыңыз үшін алғыс білдіремін және екі тарапқа да ыңғайлы уақытта Түркіменстанға баруға дайынмын. Бұл мәселе бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері тығыз байланыста жұмыс істей алады», – делінген жолдауда.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Түркіменстан арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін айтып, Сердар Бердімұхамедовпен тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Қытай төрағасының сөзінше, Бейжің Түркіменстанмен түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуді қолдайды. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастық комитеті ұсыныстарды зерделеп, тиісті жағдай жасалған кезде оларды жүзеге асыра алатыны айтылған.
«Қытай тарапы Түркіменстанмен бірлесіп, ынтымақтастықтың жаңа жарқын үлгілерін қалыптастыруға және Қытай мен Түркіменстанның ортақ тағдыр қауымдастығының мазмұнын үздіксіз толықтыруға дайын», – делінген хатта.
Әзірге Си Цзиньпинтың Түркіменстанға нақты қай күні баратыны жарияланған жоқ.
“He drove her crazy.” In Aktobe region, a former imam controlled his wife by using religion to intimidate her
