Ақынның 90 жас мерейтойына орай салтанатты кеш өтті

183
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OkJnpCkrkMcFkMYw5aCNxCgSsmkwEAQXP2K32Obq.jpg

Абай атындағы опера және балет театры төрінде Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жасқа толуына арналған салтанатты кеші өтіп, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер майталмандарының басын қосты.

Кеш шымылдығы ақынның жүрекке әсерлі өлеңдерін оқумен ашылып, көрермен назарына Олжас Сүлейменовтің өз дауысымен оқылған архивтік бейнежазбасы ұсынылды.

Кеш барысында мерейтой иесіне Қазақстан және шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, мәдениет пен әдебиет өкілдерінен арнайы құттықтаулар жолданып, ақынның ел руханиятына сіңірген елеулі еңбегі кеңінен аталып өтті.

Салтанатты кеште танымал өнер жұлдыздары ән шырқап, ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Мерейтойлық кеш барысында Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы, азаматтық ұстанымы мен қоғамдық қызметі кеңінен дәріптелді.

Сонымен қатар, бүгін Олжас Сүлейменовке Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы атынан құттықтау хат табыстады. 

Олжас Сүлейменов – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға. Оның шығармалары ұлттық руханияттың алтын қорына еніп, бірнеше буын оқырманның рухани тәрбиесіне ықпал етті. Ақынның қоғамдық және халықаралық деңгейдегі қызметі де ел тарихында айрықша орын алады.

Comments