Консулдық Украинада тұтқында отырған қазақстандықтар санын растады

85
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/btqZaD29VnwBcwuJ7VARbbvv7HJxaGip9E4Lekxi.jpg

Украинада тұтқында отырған қазақстандықтар туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Украина елшілігінің консулдық бөлімі Украина аумағында тұтқында отырған Қазақстанның 12 азаматы туралы мәліметті таратты. Елшілік мәліметінше, бұл ақпарат Украинаның уәкілетті мемлекеттік органынан алынған.

Сонымен қатар консулдық бөлім әскери тұтқындағы қазақстандықтарды санаттар бойынша бөлек есепке алмайтынын нақтылады. Осыған байланысты елшілік егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартып, мұндай есептің жүргізілмейтінін мәлімдеген.

Бұған дейін Украинаның «Өмір сүргім келеді» мемлекеттік жобасы Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, Украинадағы соғысқа қатысқан Орталық Азия елдерінің 12 мың 666 азаматы анықталғанын хабарлаған. Жоба дерегіне сәйкес, олардың ішінде 2 мың 389 адам — Қазақстан азаматы. Сондай-ақ кемінде 270 қазақстандықтың қаза тапқаны айтылған.

Comments