Қоғам белсендісі дін туралы жазбасы үшін айыппұл арқалады

83
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SKQOvsK1eAzP6HSzRRV8P0XW3iGySuHEB1q1vi13.jpg

Қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан өзіне қатысты сот шешімі шыққанын хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Белсендінің айтуынша, Алматы қалалық әкімшілігіне қарасты дін істері басқармасы тарапынан берілген арыз сотта қаралып, нәтижесінде оған 25 АЕК (108 125 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Тортуыл Шоқан сот отырысында өз уәжін айтып, өзін қорғауға тырысқанын жеткізді. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалған. Ол апелляциялық шағым түсірмейтінін айтып, мұны уақыт пен қаржылық шығынмен байланыстырды.

"Осы, ағайын! Скринде: маған айыппұл арқалатқан екі жазбам. Тұжырымды өздерің жасарсыңдар..." - деп жазды ол. 

Возможно, это изображение отрывной талон и текст
Возможно, это изображение отрывной талон и текст
Comments