Бүгін, 13 мамырда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ақорда түрік көшбасшысының әуежайдағы қарсы алу рәсімін тікелей эфирден көрсетті. Ердоғанды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Шетелдік қонақты қарсы алған Қазақстан делегациясының құрамында Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр мен Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев болды.
Түркия президенті Қазақстанға жұбайымен бірге келген. Алдағы уақытта мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
Related news
