Күйші әрі журналист Жаулыбай Иманәлиев өмірден өтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2FtcoUVt4525f11WmzyIQFg83Wum748PDknvjKSD.png

Белгілі журналист, шертпе күйдің шебері, өнер зерттеушісі Жаулыбай Иманәлиев дүниеден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Сәрсенғали Жүзбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

Марқұмның қазасы туралы алғаш болып оның көршісі хабар берген. Сәрсенғали Жүзбаев жазбасында Жаулыбай Иманәлиевтің қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына, ұлттық өнердің насихатталуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

Жаулыбай Иманәлиев қазақтың шертпе күй өнерін зерттеп, насихаттауға зор үлес қосқан тұлғалардың бірі саналады. Ол күйші Мұхит Айтқалиевпен бірге өткен ғасырдың жетпісінші жылдары «Қаратау шертпесі» атты Созақ күйлерінің алғашқы жинағын жарыққа шығарған. Сондай-ақ ол қазақтың көрнекті композиторы әрі күйші-дирижері Нұрғиса Тілендиевтің күйшілік өнерін арнайы телевизиялық қорға жазып қалдыруға мұрындық болған.

Жаулыбай Иманәлиев қазақтың дәулескер күйшісі Сүгір Әліұлынің көзін көріп, батасын алған санаулы өнерпаздардың бірі болған.

Comments