Вирус жайлаған лайнер. Қазақстан министрлігі мәлімдеме жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6PAYfAsn6IFPtzLlH2COqQ98aB8DItUSHgWenjQS.jpg

Антарктика бағытында жүрген MV Hondius круиздік кемесінде тіркелген хантавирус індеті кезінде бортта Қазақстан азаматтары болмаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, Испания денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, аталған кемедегі жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген.

Бұған дейін MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирус инфекциясының таралуы тіркелгені хабарланған болатын. Кеме 1 сәуірде Аргентинаның Ушуайя қаласынан Антарктика мен Оңтүстік Атлантикадағы шалғай аралдарға экологиялық круизге шыққан. Кеме бортында 23 елден келген 149 адам болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, індет салдарынан 11 адам вирус жұқтырған. Қазіргі уақытқа дейін үш адам көз жұмды. Олардың қатарында Нидерланд азаматы мен оның жұбайы, сондай-ақ Германия азаматы бар. Жағдайға қатысты БҰҰ арнайы пікір білдірген.

Comments