Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сюник облысындағы Корнидзор ауылында өткен қоғам өкілдерімен кездесуде Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі
Ол Таулы Қарабақтың ешқашан республика құрамына кірмегенін айтты.
«Бізді жерлерін жоғалтты деп айтады. Бірақ ол жерлер біздікі болды ма? Түсіндіріп беріңіздерші. Мен қаза тапқандардың рухына тіл тигізгім келмейді, бірақ ол жерлер бірнеше генералдың бақылауында болды. Мысалы, онда бидай егетін, солай емес пе? Біз ол жерде баспахана, балабақша, зауыт салдық па? Өмір сүрдік пе, қоныс құрдық па? Олар біздікі болған жоқ»,-деді премьер.
Пашинянның бұл мәлімдемесі ел ішінде үлкен наразылық толқынын тудырды. Көпшілік оның екіжүзді екенін жарыса жазуда.
Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы 2024 жылдың 1 қаңтарында өз қызметін тоқтатқан еді. 100 мыңнан астам армян өңірден кетуге мәжбүр болды, ал Пашинян Әзербайжанның шекараларын, оның ішінде Таулы Қарабақты да қамтитын аумақтық тұтастығын мойындау туралы декларацияға қол қойған.
Ilya Ilyin announced that he was ready to become the head of the Weightlifting Federation of the country
