Құрылтайға сайлау өткізу шығыны жаңа Конституция бойынша өткен референдумнан да қымбатқа түсуі мүмкін. Аталған референдумға 20,65 млрд теңге жұмсалған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
«Иә, қымбатырақ болады деп ойлаймыз. Бірақ әзірге нақты сандарды айта алмаймыз. Барлығы Құрылтай сайлауының қашан және қай күні өтетініне байланысты. Соған сәйкес есептеулер жүргізіледі», – деді Өтемісов жұма күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы кулуарында.
Оның айтуынша, Құрылтай сайлауының нақты күні бекітілгеннен кейін ғана сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын олардың жұмыс істейтін күн санына қарай есептеуге мүмкіндік туады. Ал сайлау өткізу кезіндегі шығындардың ең қомақты бөлігі дәл осы еңбекақы болғандықтан, әзірге нақты соманы атау мүмкін емес.
The President of the Czech Republic has granted permission for 60 citizens to join the Ukrainian military
