Мәскеуде көпқабатты тұрғын үйге дрон құлады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/00n9HdeOm3w1pdORsQUuOQr50I4dPARllDlT3pXg.jpg

Фото: ASTRA

4 мамырға қараған түні Мәскеудің батыс бөлігінде, Мосфильм көшесі ауданында дрон тұрғын үйге соғылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде қала мэрі Сергей Собянин мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, алдын ала деректерге сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппараты тұрғын үй ғимаратына келіп түскен. «Зардап шеккендер жоқ. Қызметтер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деді ол Telegram арнасында. Қосымша мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Оқиғадан кейін бірнеше Telegram арналарында («Осторожно, Москва», Shot, Mash, Baza) Мосфильм көшесі бойындағы тұрғын үй маңында жарылыс дыбысы естілгені хабарланды. Олар зақым келген ғимараттың суреттерін де таратқан.

Shot дерегіне сәйкес, оқиға Раменки ауданындағы элиталық тұрғын үй кешені аумағында болған. Ал Astra арнасы зақымданған нысанның нақты мекенжайы Мосфильм көшесі екенін жазды.

Куәгерлердің айтуынша, тұрғын үйдің қасбеті зақымданып, бірнеше пәтердің терезелері сынған. Құрылыс қалдықтары аула аумағына құлаған. Оқиғадан кейін үй маңындағы көлік қозғалысы шектеліп, аумақ қоршауға алынған.

Сонымен қатар Сергей Собянин Мәскеуге бағыт алған тағы екі дронның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы жойылғанын хабарлады.

Comments