Еуропалық комиссия Ормұз бұғазының ықтимал жабылуына байланысты энергетикалық дағдарыстың алдын алу үшін шұғыл шаралар жоспарын дайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл мәселе Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен қатысуымен өткен Таяу Шығыстағы жағдайға арналған пікірталаста қаралды.
Жоспар келесі аптада Кипрде өтетін Еуропалық кеңестің бейресми отырысында мемлекет басшыларына ұсынылады. Сондай-ақ 22 сәуірде бұл тақырып бойынша ресми жариялау жоспарланып отыр.
Құжаттың негізгі бағыттарының бірі – энергия бағасының қымбаттауынан зардап шегуі мүмкін осал үй шаруашылықтары мен нарық секторларын қорғау.
Сонымен қатар энергия тұтынуын азайту және үнемдеу саясаты да басты назарға алынған. Урсула фон дер Ляйен пікірінше, пайдаланылмаған энергия – ең арзан энергия, сондықтан тұтынуды қысқарту маңызды.
Оның айтуынша, қазіргі Таяу Шығыстағы жағдай қазба отынға тәуелділікті азайтып, жасыл энергияға көшу қажеттігін айқын көрсетіп отыр.
Сарапшылар мұнай мен газ бағасының күрт өсуі жаһандық нарыққа қысым түсіргенін айтады. Бағаның қымбаттауына АҚШ пен Израильдің Иранға қатысты әрекеттерінен кейінгі геосаяси шиеленіс әсер еткені, Ормұз бұғазының жабылу қаупі жағдайды ушықтырғаны хабарланды.
The Embassy of Uzbekistan in Russia responded to the Uzbek diaspora in Russia, who wanted to form a battalion to fight with Ukraine
The founder of a website that publishes confidential information has been released from a London prison
