Мұнай бағасындағы өзгеріс. АҚШ Ирандағы теңіз порттарын оқшаулап жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YWYvoGvOcfpqrrwqqRMBnRa6sri8Th0FEi3CPetP.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран порттарына теңіз блокадасын енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

АҚШ әскери қолбасшылығы бұл шара басқа елдерге бағыт алған немесе кері қайтқан кемелердің өтуіне кедергі келтірмейтінін нақтылады. Дегенмен, Парсы шығанағы аймағында жағдай шиеленісіп, мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 доллардан асты.

Блокада ресми басталған алғашқы минуттарда коммерциялық кемелердің ұсталғаны туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары орталығының Дубайдағы кеңсесі арқылы Парсы шығанағындағы әскери және азаматтық кемелер арасындағы үйлестіруді жүргізіп отырғанын хабарлады. Ұйымның мәліметінше, оқшаулау Иранның бүкіл жағалау аймағын қамтиды.

Орталық кемелерге арналған нұсқаулықты жариялап, жағдайға байланысты қосымша ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді.

Дональд Трамп әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Иран флотының негізгі бөлігі жойылғанын айтып, блокада аймағына жақындаған әскери кемелер «жойылады» деп ескерту жасады.

Өз кезегінде Иран парламентінің спикері Мохаммад-Багер Галибаф елдің қысымға мойымайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормұз бұғазына жақындаған әскери кемелерге қатаң жауап берілетінін ескертті.

 

Comments