Алматыда өзін «ұстаз» ретінде таныстыратын блогер Нұржан Смағұлов әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармасы хабарлады.
Смағұлов өзінің әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлайтын мазмұндағы видеоматериалдар жариялаған. Атап айтқанда, ол адамдарды «сиырлармен» салыстырып, көпшіліктің наразылығын тудырған.
Аталған дерек бойынша басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен Нұржан Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 108 125 теңге айыппұл салынды.
Related news
