Өзбекстанда Әмір Темірдің 690 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bp3V41Hpbuw0rzcdGL0Nfcq4l9TNjXoYtTWcR4m6.webp

Өзбекстанда Әмір Темірдің туғанына 690 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Report агенттігінің хабарлауынша, форум Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды “Адырна”.

Форумға 20-дан астам елден 300-ден астам ғалым, сарапшы, дипломат және қоғам өкілдері қатысты.

Қатысушылар қатарында жетекші халықаралық ұйымдардың, ғылыми орталықтардың, университеттердің, сондай-ақ мұражайлар мен кітапханалардың өкілдері бар. Бұл өңірдің тарихи-мәдени мұрасына деген жаһандық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің конференция қатысушыларына арнап жолдаған құттықтауын мемлекеттік кеңесші, халық жазушысы Хайриддин Сұлтанов оқып берді.

Өз үндеуінде мемлекет басшысы қатысушыларды форумның ашылуымен құттықтап, Әмір Темірдің мұрасын зерттеу және насихаттау жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Ол Әмір Темірді ұлы мемлекет қайраткері, көрнекті қолбасшы әрі ғылым, мәдениет және өнердің қамқоршысы ретінде сипаттады.

«Өзбекстанның мыңжылдық ғылыми және мәдени мұрасының бірегей үлгілері шоғырланған Ислам өркениеті орталығында конференция өткізу – өңір тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі саналатын Темір әулеті дәуірін терең талдау үшін ерекше маңызға ие», – делінген президент үндеуінде.

Сондай-ақ, Жаңа Өзбекстанда ұлттық тарих пен мәдени мұраны зерттеу және насихаттау, сондай-ақ жастарды жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Осыған байланысты жыл сайын сәуір айында Әмір Темірге арналған тақырыптық іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданған.

Comments