Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Алматбек Аманбек Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы 8 сәуірде ҰОК баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол 72 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде ирандық Мұхаммад Джавад Резаимен күш сынасты. Отандасымыз ақтық сында мерзімінен бұрын жеңіске жетті (туше).
Айта кетейік, бұған дейін 82 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Магомадов және 97 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев қола медаль жеңіп алған еді.
Related news
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China
