2 күнде – 5 оқиға. Балалардың терезеден құлауы жиіледі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cXkleX5Z24N4EoX98AUTktFbgkd7ZdN4xRClDO6m.jpg

Соңғы уақытта елімізде балалардың терезеден құлау жағдайы жиілеп кетті. Бұл жағдайға байланысты ТЖМ дабыл қақты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәселен, Ақтөбе облысында бір тәулікте екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.

«Ақтөбе қаласындағы Есет батыр шағынауданында 6 жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Ал Қандыағашта 4 жастағы бала үшінші қабаттан құлаған. Екі жағдайда да балалар небәрі бірнеше минут қараусыз қалып, масаға қарсы торға сүйеніп, төменге құлап кеткен», – деді облыстық ПД 6 сәуір күні.

Ал 7 сәуірде Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында балалардың терезеден құлауына байланысты 3 қайғылы жағдай тіркелгенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы дауыс зорайтқышпен тұрғындарға ескерту жүргізуде. Бір сәттік бейқамдық – орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз»,-деп жазды министрлік.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда ел көлемінде 104 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмса, 600-ге жуығы түрлі жарақат алған.

Comments