Ақтау қаласында Каспий теңізіндегі су деңгейі төмендеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
4А шағынауданындағы «Бриз» яхта клубы маңында Каспий теңізінің жағалауы айтарлықтай тайызданғаны байқалған. Бұл туралы қала тұрғындары жиі хабарлауда.
Жергілікті БАҚ дерегінше, фотосуреттерде жағалау сызығының өзгергені анық көрінеді. Кейбір жерлерде теңіз табаны ашылып, қара-қоңыр түсті шөгінділер мен судың шегінуінен қалыптасқан шағын аралшықтар байқалады.
Тұрғындар судың ондаған метрге кейін шегініп, толқындар жағалаудан әлдеқайда алыс жерде соғылып жатқанын байқаған. Кейбір құрылымдар тіпті құрлықта қалған.
Мамандар Каспий теңізінің деңгейі табиғи түрде ауытқып тұратынын айтқанымен, соңғы жылдары тұрғындар оның төмендеуіне жиі алаңдаушылық білдіруде.

Айта кетейік, бұған дейін жыл сайын 30 см суын жоғалтатын теңіз флора мен фаунаға ғана емес, адам өміріне де әсерін хабарлағанбыз.
