Сотталған шенді мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EOg3ZdnzhLxA0We6sleQmyiqaISUWZvWv8JABQv8.jpg

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жақсылық Омар ісіне қатысты сот үкіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri-ге сілтеп.

Бұған дейін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аталған шенеунікке қатысты қылмыстық істі қараған болатын. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасау және пара алу фактілері бойынша айыпталған.

2026 жылғы 3 сәуірде сот үкімі жарияланып, Жақсылық Омар кінәлі деп танылды. Сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыру туралы шешім шығарды. Жазасын ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Прокуратура мәліметінше, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға амнистия мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайтынын атап өтті.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Comments