Журналист Жанар Байсеміз сын-пікірлерге жауап берді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hnPoRi3mZg2Soq5dGqCH8tAdzP2ic2Jdj6zZdBRV.jpg

Қазақстандық журналист Жанар Байсеміз әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын-пікірлерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналистің айтуынша, дін өкілі Құрбанәлі Ахметпен жүргізілген сұхбаттан кейін қоғамда түрлі көзқарастар пайда болған. Осыған байланысты ол кейбір пікірлердің асыра айтылып жатқанын атап өтті.

«Арнайы дайындалып, толыққанды сұхбат беремін. Қазір кейбіреулер тым асығып бара жатыр. Жөнсіз тиісудің қажеті жоқ. Болған іске сын айтушылар көп, бірақ “неге олай демеді, неге бұлай сұрамады” деп ақыл айту орынсыз», – деді журналист.

Бұған дейін дін туралы сұхбат берген Құрбанәлі Ахмет өз сөзінде екінші әйелін өз өтінішімен шәкіртіне қосқанын айтқан. Сондай-ақ ол әйелін қайын атасы «сыйлағанын» және оны бірінші әйелінің рұқсатынсыз алғанын мәлімдеген. Имамның айтуынша, екінші әйелінен бес баласы бар. Осы сөзден соң сұхбат туралы түрлі пікір туып, қоғам назарын аударған еді.

Comments