Иран АҚШ әуе күштеріне тиесілі Black Hawk әскери тікұшағын атып түсіруі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Newsmax телеарнасына сілтеп.
БАҚ мәліметінше, тікұшақ Иран аумағында жоғалған F-15 жойғыш ұшағының ұшқышын іздеу кезінде зымыранмен зақымдануы ықтимал. Дереккөздің айтуынша, тікұшақ Ирактың оңтүстігінен Иран шекарасына қарай ұшып бара жатқанда одан түтін шыққаны байқалған. Бұл оның әуеде соққы алғанын көрсетуі мүмкін.
Бұған дейін, 3 сәуірде, Иран қарулы күштерінің бас штабы АҚШ-тың бесінші буындағы F-35 жойғыш ұшағы жойылғанын мәлімдеген еді. Ресми ақпаратқа сәйкес, әуе нысаны заманауи әуе қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілген.
Ал Axios порталы АҚШ тарапы жоғалған ұшақтың екі ұшқышын табу үшін іздестіру-құтқару операциясын бастағанын жазды.
Кейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы ұшқыштардың бірі табылып, ұсталғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Иран тарапы АҚШ-тың әскери нысандарына қарсы зымырандық соққы жасағаны туралы ақпарат тараған болатын.
Euro-cooperation: France plans to build a nuclear power plant in Uzbekistan, from which it imports uranium
