"Адасқан" дрондар үшін Украина Финляндиядан кешірім сұрады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yPxgbwhkMTxwRU5SiDoWX3RqL2MwqHHGIX3cDIyi.jpg

Киев Финляндия аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлауына байланысты кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Украина СІМ өкілі Георгий Тихий мәлімдеді. 

Оның айтуынша, украиналық дрондар бұл елге бағытталмаған, оқиға жексенбі күні болған. 

Фин билігінің хабарлауынша, бірнеше ұшқышсыз аппарат елдің әуе кеңістігін бұзған. Біреуі Коувола қаласының солтүстігіне, екіншісі шығысына құлаған. Бұған жауап ретінде Финляндия Әуе күштері F/A-18 Hornet жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді.

Украина СІМ-нің мәліметінше, оқиғаның ең ықтимал себебі – Ресейдің радиоэлектрондық күрес жүйелерінің әсері, соның салдарынан аппараттар белгіленген бағыттан ауытқуы мүмкін. 
Сонымен қатар Киев дрондарды Финляндияға бағыттау ниеті болмағанын атап өтті.

Бұған дейін Эстония, Латвия және Литва да өз аумақтарына украиналық дрондардың түскені туралы хабарлап, олардың бағыттан ауытқығанын мәлімдеген.

Comments