Фото: advantour
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 588 базар жұмыс істейді, 2024 жылға қарағанда базар саны 38-ге азайған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, базарлардың басым бөлігі қалалық жерлерде орналасқан (417), ауылдық жерлерде - 171 базар.
Базар саны бойынша тізім басында Түркістан облысы тұр - 103, одан кейін Алматы облысы - 57 мен Ақтөбе облысы - 53. Сауда базары Ұлытау облысында ең аз - 6 базар.
Базардағы сауда орындарының саны да бір жыл ішінде азайып, 147,6 мыңға жетті (2024 жылы - 150,8 мың).
Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында тіркелген (26,5 мың), алғашқы үштікте, сондай-ақ, Жамбыл (19,8 мың) мен Алматы облыстары да бар (17,2 мың).
Жалпы базар санының ішінде 265 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, 323 базар дара кәсіпкерлердің иелігінде.
588 базардың 9 коммуналдық, 323 жабық базарға жатады. Сатылатын тауар түріне қарай 222 базар мамандандырылған, ал 366 - әмбебап.
Сауда көлемі бойынша 39 базар көтерме, 549 базар бөлшек саудаға арналған.
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
