Алматыда зейнеткер алаяқтардың құрбаны болып, қомақты қаражатынан айырылғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна”.
Марқұмның туыстарының айтуынша, ол 21 наурызда таңертең базарға барған және сол жерде алаяқтардың арбауына түсуі мүмкін. Туыстарының болжамынша, белгісіз адамдар оны қала ішінде түрлі банкоматтарға апарып жүрген. Соның салдарынан қария сегіз адамның есепшотына шамамен 4 миллион теңге аударған.
Қайтыс болған кісінің немересі өз үндеуінде атасының қоңырауларға жауап бермегенін, алайда кезекті қоңырауға бейтаныс ер адам жауап беріп, кейін телефонды атасына бергенін айтты. Оның сөзінше, арғы жақтан бөгде дауыстар естілген.
Соңғы сөйлесу кезінде зейнеткер аялдамаға қарай бара жатқанын айтып, алаяқтарға тап болғанын растаған. Сол сәтте оның жағдайы күрт нашарлап, көшеде құлап қалған. Куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен, ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қазір күдіктілердің жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - делінген Алматы полициясының хабарламасында.
Қыз атасына көмектесуге тырысқан барлық адамға алғысын айтып, осы оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімет көрген немесе білетін жандардан хабар беруін сұрады.
"You opened the way to a golden era": Tokayev congratulated Xi Jinping, who was elected as the President of the PRC for the third time
