"Енем ажырастырды". Танымал спортшының бұрынғы әйелі пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CrkkkKF9kdBvLAWBXokvSE3W0zn6L5MizPFM2j5e.webp

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонова отбасы туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жазбада Гүлайым Рахмонова Шавкаттың шешесімен қарым-қатынас мәселесіне тоқталып, өз өмірі туралы пікір білдірген.

«10 жыл өмірімнің 6 жылын мені күндеумен, өсектеумен өткізген Шавкаттың шешесіне таным бар. Ақыры ажырастырды, басыма түскен қиындыққа күліп, ажыратып тынды. Жегендері Шавкаттың табысы, таласқандары – менің балаларымның несібесі», – деп жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде жариялаған болатын.

Сот үкіміне сәйкес, Рахмонова 27 шілдеде «Алматы–Екатеринбург» тас жолында болған жол апаты бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жылға көлік жүргізуге тыйым салынды. Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болып, Гүлайым ауруханаға жатқызылған. 4 баласы бар болғандықтан, жаза кейінге қалдырылған.

Comments