Қазақстанда Иран халқына гуманитарлық көмек көрсетуге қатысты петиция жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құжат Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі атына жолданған.
Петиция авторы – Гаухар О. есімді қолданушы. Өтініш 9 сәуір күні жарияланып, қазір дауыс жинала бастады.
Петиция мәтінінде 28 ақпаннан бері Иран аумағы АҚШ пен Израиль тарапынан әуе шабуылдарына ұшырап отырғаны айтылған. Автор қақтығыстың саяси себептерінен бөлек, ең үлкен зардапты қарапайым халық тартып отырғанын атап өтеді.
Сондай-ақ петицияда қазақ халқының атынан Иран халқына гуманитарлық көмек жіберу қажеттігі көтерілген. Автордың айтуынша, Орталық Азия елдері арасында Қазақстан әлі күнге дейін мұндай қолдау шараларын жүзеге асырмаған.
Осыған байланысты петиция иесі Қазақстан билігін көршілес әрі достас ел ретінде Иранға гуманитарлық көмек көрсетіп, бұл бағыттағы олқылықтың орнын толтыруға шақырады.
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations
