Жамбыл облысының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонованың ісін қарады. Ол адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына байланысты айыпталған, деп хабарлайды "Адырна".
Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) айыпталды. Айта кетейік, аталған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Мемлекеттік айыптаушы соттан Гүлайым Рахмонованы 5 жылға бас бостандығынан айыруды және жазаның орындалуын 5 жылға шегеруді сұраған болатын.
Гүлайым Рахмонова кінәсін мойындаған жоқ.
Сот істің барлық жағдайын, соның ішінде сотталушының асырауында 2 жастан 9 жасқа дейінгі төрт баласы бар екенін ескере отырып мынадай үкім кесті:
1. Негізгі жаза: ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2. Қосымша жаза: 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
3. Жазаны шегеру: ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес (кішкентай балаларының болуына байланысты), жазаның орындалуы 5 жылға шегерілді.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында Алматы – Екатеринбург тас жолының 299-шақырымында ауыр жол-көлік апаты болған еді. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, Рахмоновтың әйелі мен ұлы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
The conditions of war have changed. Zelensky announced that Ukraine was ready to launch a counterattack
