Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім альпинизм саласындағы айрықша жетістіктері, спортты дамытуға қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсенді қатысы үшін қабылданған.
Ерванд Ильинский 1940 жылы 25 тамызда Воронежде дүниеге келген. Ол Совет және Қазақстан альпинизм мектебінің көрнекті өкілі, Қазақстан ұлттық альпинизм командасының шамамен 40 жыл бойы бас бапкері болған. Оның командасы әлемдегі барлық 14 сегіз мыңдық шыңдарды бағындырған алғашқы топ болып саналады (1991–2010). Ильинский Эверест шыңын бағындырған (1990) және Қазақстандағы «Жеті шың» клубының алғашқы мүшесі (2007). Ол СССР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.
