Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасында жаңа интерактив арт-нысан бой көтерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жобаға бюджет қаражаты жұмсалмаған. Нысан «Progression CA» ЖШС-нің қаржысына салынған.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, композиция әлемде кең резонанс тудырған итті құтқару оқиғасына негізделген. Мүсінде бір-біріне қол созып, тізбек құра біріктірілген адамдар бейнеленген. Бұл – өзара көмек пен қолдаудың символы.
Үлкен Алматы өзеніндегі итті құтқару оқиғасынан түсірілген видео кезінде әлемді шарлап кеткен болатын.
Соның құрметіне тұрғызылған арт-нысанды ресми түрде ашу наурыз айының соңына жоспарланған.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
