Бибігүл Құламан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы болды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/k8dFwN5vpwrEQEPfdP0RChdctIrFvw5x5bUFx4T4.webp

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадрлық тағайындау болды. Бибігүл Бөкенбайқызы Құламан Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры – баспасөз хатшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды "Адырна".

"Медиа және стратегиялық коммуникациялар саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман ретінде Бибігүл Бөкенбайқызы мемлекеттік сектор мен БАҚ арасындағы тиімді диалогты нығайтуға өз үлесін қосып келеді", делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хабарламасында.

Еңбек жолында бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында баспасөз хатшысы болды. Сонымен қатар, MNU университетінде сеньор-лектор ретінде дәріс беріп, жас мамандарды даярлауға үлес қосты.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының қоғамдық көмекшісі қызметін атқарып, заң шығару саласына да қатысы бар жұмыстар жүргізген. Сондай-ақ, «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінде атқарушы директор болып, медиа саласының дамуына үлес қосқан.

 

Comments
Other materials