Түркия Ираннан ұшырылған үшінші баллистикалық зымыранды атып түсірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VinuPJG3vu2iLUMMiv6q5guh26BRZ0vzrymKqJig.webp

Түркия аумағында Ираннан ұшқан тағы бір баллистикалық зымыран атып түсірілді. Бұл туралы 13 наурызда елдің қорғаныс министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

«Ираннан ұшырылып, Түркияның әуе кеңістігіне кірген баллистикалық снаряд Шығыс Жерорта теңізінде орналастырылған НАТО-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс және зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшелері тарапынан залалсыздандырылды», — делінген хабарламада.

Ведомство ел аумағы мен әуе кеңістігіне бағытталған кез келген қауіпке қарсы барлық қажетті шара батыл әрі кідіріссіз қабылданатынын атап өтті.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті елмен байланыстар жүргізіліп жатыр.

«Өңірдегі барлық оқиғалар мұқият бақылауда және бағалануда, бұл ретте еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне басымдық беріледі», — деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрлігі.

Түркиялық Savunma sanayi порталының жазуынша, залалсыздандырылған баллистикалық зымыран Адана қаласындағы Инджирлик әуе базасына бағытталған.

Айта кетейік, бұл — Түркия аумағында атып түсірілген үшінші ирандық зымыран. Бұған дейін елдің қорғаныс министрлігі 4 және 9 наурызда Ираннан ұшырылған екі баллистикалық зымыранның жойылғанын хабарлаған болатын.

Comments