Сақ бол, жүргізуші. Бүгіннен бастап автоматты бақылаудасыз

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uXoXWAK8PkWiweTAt0jnmW1yJiszd2e3AFwxvlP8.jpg

Фото: Shutterstock

12 наурыздан бастап Алматыдағы жол полициясының автоматты бақылау камералары қосымша жол ережесін бұзу түрлерін тіркеуге кіріседі, деп хабарлайды "Адырна". 

Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаевтің айтуынша, бұған дейін автоматты жүйелер алты негізгі құқық бұзушылықты тіркейтін: жылдамдықты асыру, қызыл шамда өту, жол белгілері мен сызықтарын сақтамау, дұрыс тоқтамау немесе тұрақтамау, алға шығу ережесін бұзу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу.

Енді камералар жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Жүйелер мобильді телефонды пайдалануды, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқаруды және құжаттарға байланысты құқық бұзушылықтарды, соның ішінде міндетті сақтандырудың жоқтығы немесе техникалық қараудың мерзімінің өтуін автоматты түрде тіркей алады. Кейбір жағдайларда ескерту де автоматты түрде рәсімделеді.

Полицияның хабарлауынша, жаңа технологияларды енгізудің басты мақсаты - профилактикалық сипатта болып, жолдағы тәртіпті арттыру және Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Comments