Иран президенті көрші елдерден кешірім сұрады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ODzOmovu91Woq27bPlK4bx4mjIs4gcMRgfFOhuK3.jpg

Масуд Пезешкиан көрші мемлекеттерге қатысты мәлімдеме жасап, олардың аумағына жасалған соққылар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Иран президенті телеарна арқылы халыққа және аймақ елдеріне үндеу жасап, Уақытша басшылық кеңесі көрші мемлекеттерге шабуыл жасамау туралы шешім қабылдағанын айтты.

Оның сөзінше, егер көрші елдердің аумағынан Иранға қарсы шабуыл жасалмаса, Тегеран да оларға зымыран ұшырмайды.

«Кеше Кеңес көрші мемлекеттерге шабуыл жасамау және олардың аумағынан Иранға қарсы әрекет болмаса, зымыран қолданбау туралы шешім қабылдады. Барлық келіспеушілік, алаңдаушылық пен өкпені кейінге қалдырайық», – деді Пезешкиан.

Сонымен қатар ол Иранның әрекеттерінен зардап шеккен көрші мемлекеттерден кешірім сұрады.

«Біздің аймақтағы мемлекеттермен жаулығымыз жоқ. Көршілерімізден кешірім сұраймын. Егер Иранға қарсы шабуыл болмаса, біз тарапынан көрші елдерге қарсы ешқандай әскери әрекет жасалмайды», – деді Иран президенті.

Comments