Зымыран түскен резиденция. Пәтері бар қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DyT7gfRy4FAsHCyivg5zt71eJzX8SGI49CpVv1HF.jpg

Дубай қаласындағы Fairmont The Palm резиденциясына Иран зымыраны түскен ғимаратта қазақстандық азаматтар мен олардың туыстары тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы журналист Манас Қайыртай мәлімдеді.

Оның дерегінше, резиденция үш ғимараттан тұрады. Бір бөлігі қонақ үй ретінде жұмыс істесе, қалған екеуі тұрғын үй ретінде пайдаланылған. Аталған тұрғынүй бөлігінде қазақстандықтарға тиесілі ондаған пәтер орналасқан.

Журналистің айтуынша, C4ADS ұйымының 2022 жылғы зерттеуіне сәйкес, бұл резиденциядан қазақстандықтар шамамен 97 пәтер сатып алған. Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте болған тұлғалардың туыстары да бар.

Жарияланған мәліметке сәйкес, пәтер иелері қатарында:

– Бағда Баталова (экс-әкім Амандық Баталовтың жұбайы),

– Мирас Мами (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы),

– Лейла Адайбекова және Елжан Имашев (Берік Имашевтің отбасы мүшелері),

– Жанар Сейдвалиева мен Қорлан Шәріпбаева (Қайрат Шәріпбаевтың туыстары),

– Өркен Есей (Ахметжан Есімовтің күйеу баласы),

– Алена Шенесары (Гүлжан Қарағұсованың келіні),

– Қайсын Жұмағалиева (Асқар Жұмағалиевтің анасы),

– Сержан Дүйсебаев (Қазақстанның ЕЭО-дағы өкілі),

– Руслан Ақбердиев (Президент күзет қызметінің бұрынғы қызметкері),

– Ғабдулхәкім Жашыбеков (Президент әкімшілігінде қызмет еткен генерал),

– Николай Родостовец (экс-министр),

– Ардақ Зиябек (экс-вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы) бар.

Қазіргі уақытта зымыран соққысының салдары мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Comments