Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты көршілес мемлекеттерге үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол Тегеранның көрші елдерге шабуыл жасауды жоспарлап отырмағанын жеткізді.
«Егер сіздердің елдеріңіздегі базалар бізге қарсы қолданылса және АҚШ аймақта осы күштерді пайдаланып операциялар жүргізетін болса, онда біз сол базаларға соққы жасаймыз», — деді ол.
Хатшының сөзінше, АҚШ-тың әскери базалары орналасқан аумақ америкалық территория болып саналады.
Бұған дейін Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде Дональд Трамп «өте қауіпті қызыл сызықтан өтті» деп мәлімдеген еді.
Related news