Елімнің дамуы – саналы таңдауымызға байланысты

111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jQEetoDZ5pHLIIBU3WKlXYtAvHAykJ540HmN2uEL.jpg

Жаңа Конституция Қазақ елінің жарқын келешегіне жол ашады. Осылай деген түрлі саланың есімі елге танымал өкілдері республикалық референдум қарсаңында Ата заң жобасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері жайында пікір білдірді.

Қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайдың айтуынша, жаңа Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын алға тарта отырып, жасалып шыққан өмір сүру ережеміз.

«Бұны келешекке жасаған нық қадам деп есептеуге болады. Елдің тұтастығы, бірлігі, тірлігі,болашағы, бәрі де Ата заңда көрініс тапқан.Арманын аялап, үмітін үкілеп отырған қазақ деген жұрттың келер күндерінің бағы мен бақыты үшін жасалған құжат деп есептеймін. Ата заң жобасыныңөрісті, өрнекті тұстарын көріп, өз басым қуандым.

«Қазақстан дейтін менің бар елім!

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған!», деп қазақтың ұлы ақыны Қасым Аманжол жырлағандай, елдің тұтастығы, шекарамыздың беріктігі келешек ұрпақ алдындағы біздің замандастардың жауапкершілігі. Біздің ұрпақтың көтерер жүгінің негізгі парқыосында», деді ақын.

Сонымен қатар ол жаңа Ата заңда адам құқықтары мен бостандықтарына аса мән берілгенін тілге тиек етті.

«Алда өткелі отырған референдумға әрқайсымыз қатысып, өзіміздің үнімізді қосып, қолдауымызды білдіріп, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Сол үлкен іс-шарада бірге болайық, ағайын!», деп сөзін түйіндеді Ғ.Жайлыбай.

Таэквондошы Батырхан Төлеуғали өз сөзінде спортта да, өмірде де ең бастысы тәртіп жауапкершілік және әділдік екенін атап өтті.

«Біз әрбір жетістікке маңдай термен,табандылықпен жетеміз. Сол сияқты еліміздің дамуы да әр азаматтың саналы таңдауына байланысты. Конституциялық өзгерістер мен референдум халқымыздың болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Бұл елдің ертеңі үшін жауапкершілік алып, өз пікірімізді ашық білдіретін тарихи мүмкіндік. Жаңа реформалар әділетті қоғам құруға,жастарға кең жол ашуға, спорт пен білімнің дамуына серпін береді деп сенемін. Біз бірлігімізді сақтап,дұрыс шешім қабылдай алсақ, еліміздің келешегі жарқын болады. Ел болашағы өз қолымызда,белсенді болайық, бейжай қалмайық!», деді спортшы.

Сондай-ақ танымал әнші Әлішер Кәрімов те өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарын алдағы республикалық референдумнан қалыс қалмай, бір кісідей қатысуға шақырды.

«Мен, Әлішер Кәрімов, Қазақстан Республикасының азаматымын, елімнің жарқын болашағына әрқашан сенемін. 15 наурыздареферендумға бірге қатысайық!», деді ол.

Comments
Other materials