Украиналық тұрғын елдің үшінші президенті Виктор Ющенконы Киевтегі базарда байқап қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Фокусқа сілтеп.
72 жастағы экс-президент мандарин сатып, сатушымен әңгімелесіп тұрған сәтте кездескен.
Кездескен украиналық әйел Людмила Архарова өз тәжірибесімен Threads желісінде бөлісті. Ол Виктор Ющенконы күзетсіз, жеке өзі жүргенін көрген.
Саясаткер сатушымен әңгімелесіп, кеңестерін берген, тіпті кездейсоқ танысқан әйелге мандарин сатып алуға кеңес еткен.
Әлеуметтік желіде қолданушылар Ющенконың бұрынғы қызметін еске алып, оның Украина тарихында елеулі рөл атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар, кейбіреулер саясатшының әскери кезеңде күзетсіз жүруіне алаңдаушылық білдірді.
Related news
"The situation of neighboring China is difficult".the Minister assured that there will be no lockdown
