Алматыда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының қалалық филиалына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл қызметке ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Түріксой ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі Мұратхан Шоқан келді.
Белгілі қаламгердің жаңа қызметке келуі ұйымның рухани және қоғамдық бағыттағы жұмысын күшейтуге серпін береді деп күтілуде. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, бұл тағайындау ұлттық бірлік пен мәдени байланысты нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – шетелдегі қазақ диаспорасы мен тарихи отанды байланыстыратын маңызды ұйымдардың бірі. Ол ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани тұтастықты сақтауға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді..


The country that will construct the nuclear power plant will be determined in the first half of 2025