Ресейдегі Байкал көлінда қайғылы оқиға салдарынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА-ға сілтеп.
Оқиға 20 ақпан күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі Иркут облысындағы Хужир елді мекеніндегі демалыс базасынан шығып, туристерді Хобой мүйісіне қарай мұз үстімен алып бара жатқан. Жолда келе жатқанда «УАЗ» автокөлігі мұз ойығына түсіп кеткен.
Салдарынан 7 турист пен 44 жастағы жүргізуші қаза тапты. Құрбандар арасында 2013 жылы туған бала да бар. Бір жолаушы ғана аман қалып, көліктен шығып үлгерген.
Иркут облысының губернаторы қаза тапқандардың арасында Қытайдан барған бір отбасы бар екенін хабарлаған. Ерлі-зайыптылар мен 14 жастағы баласы, туысы болған. Туристер сапарды туроператор арқылы рәсімдемей, жүргізушімен тікелей келісім жасаған.
Алдын ала дерек бойынша, көлік ені шамамен 3 метр болатын мұз жарылысына түсіп кеткен. Оқиға болған жердің тереңдігі 18 метрге жетеді.
Қазір аман қалған жолаушы демалыс базасында.
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar