Абақтыға кіргізбек болған аяқ киімнің ішінен 3 телефон табылды

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BWBBCWg4D7IozD2fV31xmrDkPdAv4JGt8XUJxnno.png

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №64 мекемеде сәлемдемені тексеру барысында тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті анықталды, деп хабарлайды "Адырна".

Қылмыстық атқару жүйесінің Астанадағы департаменті әлеуметтік желісіне қала шетіндегі изоляторда түсірілген видеоны жүктеп, Қазнетті шулатты. Күзетшінің аяқ киім ішінен үш телефон тауып алған видеосы небары 14 сағаттың ішінде миллионнан астам қаралым жинап үлгерген.

Департаменттің әлеуметтік желісінде мәліметіне сүйенсек, бұл етікті туысы изолятордағы жақынына беріп жібермек болған. Күзетші соңғы сәтте қырағылық танытып, тыйым салынған затты байқап қалған.

«2026 жылы 9 ақпанда Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №64 мекемеде сәлемдемені тексеру барысында тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті анықталды.
Тексеру кезінде тергеу-қамауда отырған азаматқа арналған қысқы аяқ киімнің ұлтарағының астынанан «Nokia» маркалы үш ұялы телефон және үш SIM-карта табылып, тәркіленді», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Ұялы телефондарды жасырып өтпек болған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, тергеліп жатыр.

Comments