Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх, Ұлы мемлекеттік хурал төрағасы Ням-Осорын Учрал және премьер-министр Гомбожавын Занданшатар «Шыңғыс хан» ұлттық музейіндегі «Ұлы хан» мемориалдық залында орналасқан алтын жалатылған Шыңғыс хан мүсініне тағзым етті. Бұл туралы «Монцамэ» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мемлекет басшысының бастамасымен мемлекеттің үш маңызды нышаны жасалып, салтанатты түрде орнатылған. Олар — алтын жалатылған Шыңғыс хан мүсіні, Ұлы ақ шашақты ту және мемлекеттік мөр.
«Бұл нышандар көктемнің алғашқы айының бірінші күні – жасыл ағашты жылан жылы орнатылған. Шыңғыс хан мүсіні ұлы ханның халық алдына шығып, алтын мөрді көрсетіп, Ұлы Моңғол империясының құрылғанын жариялаған тарихи сәтті бейнелейді»,– делінген хабарламада.
Мемлекеттік мөрде: «Мәңгі көктің күшімен ұлы моңғол халқы, далай-хан бұйырады: бағынған халықтар оны құрметтеп, қорықсын» деген жазу қашалған. Сондай-ақ мөрде арыстан бейнесі бар. Бұл рәміздер Шыңғыс ханның игі істерін, Ұлы империяның негізін қалауын және мемлекеттіліктің ұрпақтан ұрпаққа жалғасу қағидасын білдіреді.
Мүсіннің оң жағында Ұлы ақ шашақты ту орналасқан. Ол – моңғол халқының бейбітшілік, тұрақтылық және бірлік символы болып саналады.
Domestic brand. The appetite of "Falcon" that did not fly, "Tulpar" that did not come out and "Komagai".